KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 6 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

ҚХП мұғалімдер мәртебесін көтермек

2.01.2021, 12:04 209

Тегін медициналық көмек пен ақысыз білім ҚХП –ның басты ұстанымдарының бірі. Мұғалімдердің мәртебесін көтеру ісі саяси ұйымның бағдарламасынан ойып тұрып орын алған.

Партия өкілдері саяси додада оза шапқан жағдайда бірінші кезекте дәрігерлер мен мұғалімдердің көсегесін көгертуге күш саламыз деп уәде беруде. Ол үшін арнайы бағдарлама да түзген. Саяси ұйым мүшелері мұғалімнің жағдайы жасалған сайын күнделікті күйбеңнен арылып,  шәкірт тәрбиесіне күш салатынына сенімді. Партияның тағыда  орта және арнайы оқу орындарында ақысыз ету жоспары бар. Сонымен қатар барлық медициналық мекеме халыққа  тегін қызмет етуі керектігін қолдап отыр.

Жиналыстардың барлығында кездескен адамдардың мәселесін тыңдап жатырмыз. Оның шешу жолдарын қарастырып ҚХП осы мәселелерді аяқсыз қалдырмайды. Бұл дода қазақ еліне жаңаша серпін алып келеді, - дейді Қазақстан халық партиясының мүшесі Әлия Ортаева

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив