Тауар көрсетілген бағамен сатылмаса не істеуге болады?
Фото: sergeyryzhov/Getty Images
Азық-түлік супермаркеттерінде көбісінде тауардың бағасы чекке сәйкес келмейді. Дүкен тауарды қандай бағамен сатуы керек? Кассадан айырмашылықты талап етуге болады ма? Егер тауар баға белгісінде көрсетілген бағамен сатылмаса, дүкенге қандай шаралар қолданылады?
Гүлжан, Зайсан қаласы
Бұл сауалға Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жауап берді:
– «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 24-бабына сәйкес «Сатушы тауарды сатуға міндетті, ал тұтынушы тауарды витриналардағы көрсетілген бағамен сатып алуға құқылы. Сіз баға айырмашылығын қайтаруды талап етуге құқылысыз. ҚР Әкімшілік кодексінің 193-бабының 4-тармағына сәйкес құны затбелгімен ресімделген бағадан асатын тауарды өткізу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Оқи отырыңыз