KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
477.62 527.67 5.25

Оңайлатылған декларация туралы білесіз бе?

Фото: depositphotos.com

15.07.2024, 15:45 120 Ержан Әбіш

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР мынадай шарттарға сәйкес келетін ДК мен ЗТ қолданады:

- салық кезеңінде жұмыскерлердің орташа тізімдік саны 30 адамнан аспайтын;

- салық кезеңі ішіндегі табысы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген АЕК-тің 24 038 еселенген мөлшерінен аспайды (88 748 296 тенге 2024 жылы). Бұл ретте табыстарға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 70 048 еселенген мөлшері шегіндегі, ДК ҮИЖ-ді міндетті түрде қолдана отырып (қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйе (құрылғы) арқылы, мысалы, POS-терминалды пайдалану арқылы) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы алған табыстар енгізілмейді.

Оңайлатылған декларация негізінде салықтық міндеттемелерді орындау

Салық кезеңінде алынған табыс сомасы айқындалады. Мұндай табыстың сомасына 3% мөлшеріндегі мөлшерлеме қолданылады (есептелген соманың ½ бөлігі – ЖТС (КТС), ½ бөлігі – әлеуметтік аударымдар сомасы шегеріле отырып төленуге жататын әлеуметтік салық).

Әлеуметтік төлемдер «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес есептеледі.

Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

Салықтар мен әлеуметтік төлемдердің есептелген сомалары шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияда (бұдан әрі – Декларация) көрсетіледі.

2024 жылға ең төменгі жалақы мөлшері 85000 теңгеден – міндетті зейнетақы жарнасы – 8500 теңге, әлеуметтік аударымдар – 2975 теңге, міндетті медициналық сақтандыру жарнасы – 5950 теңге, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы – 1275 теңге – ең төменгі жалақы мөлшерінен 1,5%.

Есепті салық кезеңі үшін Декларация (910.00) салық төлеушінің тұрған жері бойынша мемлекеттік кірістер органына 15 тамыздан және 15 ақпаннан кешіктірілмей табыс етіледі. Салық кезеңі жартыжылдық болып табылады.

Декларацияны:

- «Салық төлеушілер кабинеті» веб-қосымшасы, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде;

-   келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы немесе тапсырыс поштасымен жеке ұсынуға болады.

Оңайлатылған декларацияда көрсетілген ЖТС/КТС және әлеуметтік салықты бюджетке төлеу 25 ақпаннан және 25 тамыздан кешіктірілмей жүргізіледі.

Төлем көзінен салық салынатын ЖТС және әлеуметтік төлемдерді төлеу ай сайын айдың 25-і күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

АСР қолдануға құқығы жоқ:

1) құрылымдық бөлімшелері бар ЗТ;

2) заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;

3) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері және (немесе) әртүрлі елді мекендерде cалық салу объектілері бар, мүлікті жалға беруден басқа қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер;

4) басқа ЗТ-ның қатысу үлесі 25 пайыздан асатын ЗТ;

5) құрылтайшысы немесе қатысушысы АСР немесе салық салу ерекшеліктерін қолданатын басқа ЗТ құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын ЗТ;

6) коммерциялық емес ұйымдар;

7) ойын бизнесi салығыy төлеушілер;

8) агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызмет көрсететін салық төлеушілер.

Келесі қызмет түрлеріне АСР қолданылмайды:

акцизделетін тауарларды өндіру;

акцизделетін тауарларды сақтау және көтерме саудада өткізу;

мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткізу;

лотерея өткізу;

жер қойнауын пайдалануға;

шыны ыдысты жинау және қабылдау;

түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу;

консультациялық қызметтер;

бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет;

сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметін және делдалдық қызмет;

құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет;

қаржы лизингі шеңберіндегі қызмет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив