KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Жүргізушілерге көлік салығын төлеу керектігін ескертті

Фото: kolesa.kz

12.03.2024, 14:01 129 Қызырбек Дүргінбайұлы

Мемлекеттік кірістер комитеті көлік иелеріне 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеу керек екендігін ескертті. Көлік салығы 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге көлеміндегі АЕК бойынша есептеледі.

Көлік салығын kgd.gov.kz веб-порталындағы есептегіштің көмегімен немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында есептеп көруге болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Көлік иелері қанша теңге көлемінде қарыз төлейтіні туралы ақпарат 2024 жылдың 15 наурызынан кейін «Kaspi Bank» АҚ және «Халық Банкі» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға push-хабарламалар түрінде жіберіледі.

– 2024 жылдың 2 сәуірінен бастап төлемегендерге салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі, содан кейін қарыздар мәжбүрлі түрде өндіріледі, – делінген  комитеттің хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив