KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, ОБ
514.31 603.03 6.4

Білім беру нысандарының онлайн бюджет мониторингі нәтижелері

depositphotos.com

27.09.2025, 19:00 2 636 Ержан Әбіш

2024 жылдың қазан айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының ішкі мемлекеттік аудит департаменті еңбекақы төлемдеріне арналған онлайн-бюджеттік мониторинг жүйесін енгізді.

Бұл жүйе төлемдер туралы ақпаратты жүйелі түрде жинауды, бақылауды және талдауды мақсат етеді. Негізгі құралдар — бұл автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы бұзушылықтардың алдын алу және оларды дер кезінде анықтау үшін қолданылатын тәуекел профильдері.

Мониторинг нәтижелері еңбекақы (жалақы, демалыс төлемдері, сыйақылар және басқа төлемдер) бойынша бюджет қаражатын негізсіз немесе асыра пайдаланудың жоғары тәуекелдерін көрсетті.

2025 жылдың сегіз айында 192 төлем бойынша 90,3 млн теңге сомасына тәуекелдер анықталды, оның ішінде 66 төлем бойынша 45,3 млн теңге бюджетке қайтаруға жатады.

Негізгі бұзушылықтар:

— құжаттамалық негіздемелер жоқ материалдық көмек көрсетілген;

— кредиторлық берешек болған кезде сыйақылар есептелген;

— «Еңбекақы төлемдері» бабы бойынша төлемдер бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен келісусіз жүргізілген;

— пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы сәйкес бұйрықсыз төленген.

Мәселен, кредиторлық берешек болған кезде сыйақылардың есептелуі, қолданыстағы заңнамаға қайшы келіп, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеледі. Сондай-ақ, материалдық көмек тиісті құжаттамалық растаусыз төленген жағдай да жиі кездеседі, бұл шығындарды негізсіз етеді. Аталған мысалдар барлық қаржылық операциялардың дұрыс рәсімделуін және белгіленген процедураларды сақтау қажеттілігін айқын көрсетеді.

Үлкен Нарын ауданы, Тарбағатай ауданы, Катонқарағай ауданы және Самар ауданы бойынша бұзушылықтардың ең көп саны жүйелі түрде анықталғанын атап өткен жөн.

ШҚО ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу