KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Өскемендегі мектепте мұғалімге 100 млн теңге еңбекақы төлемек болған

Фото: Аяужан Утеулинова

27.09.2023, 18:28 231

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі білім саласында талдау жүргізіп, олқылықтарды анықтаған.

Өскемендегі бір мектепте математика пәні мұғаліміне 100 млн теңге еңбекақыны негізсіз төлемек болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің бір түрі – бюджеттік өтінімді қағаз жүзінде рәсімдеп, өңдеу. Өскемен қаласындағы мектептердің бірінде тіркелген осындай бір істе математика пәні мұғалімінің белгіленген еңбекақысына қосылатын қосымша ақының көлемі 35%-дың орнына, 3500% деп көрсетілген. Нәтижесінде бір мұғалімнің өзіне 104,7 млн теңге еңбекақы төленуі мүмкін еді.

– Мектеп қызметкерлерінің банктегі шоттары бойынша мәліметтерді ауыстыру арқылы бюджет қаражатын ұрлауға қатысты деректер тіркелді. Риддер қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің бірінде жеке шоттарға аударылған сома мен еңбекақы төлеу құжатындағы сомаларды есептеуде сәйкессіздік анықталды, – дейді Департамент басшысы Денис Шакенов.
 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу