Ұлан ауданында жас мамандарға қолдау көрсетілуде
Ұлан ауданында медициналық білімі бар мамандарды тарту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өткен 2022 жылыТаврия, Герасимовка ауылдары мен Қ.Қайсенов кентіне 3 дәрігер және 20 орта медицина қызметкері келген.
- 13 медицина мамандарына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша баспана алу үшін 58.4 млн теңге сомасына пайызсыз несие берілді,- дейді аудан әкімі.
Сондай-ақ ауданда медициналық мекемелерді жаңарту жұмыстары да жолға қойылған. Мәселен, өткен жылы 159 млн.теңгеге 34 бірлік медициналық жабдық сатып алынды.
Оқи отырыңыз