KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Жұмыс берушілер тарапынан қосымша зейнетақы жарналары төленетін болады

Аяужан Утеулинованың суреті

1.07.2023, 15:43 361 Ләззат Қанатқызы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов жұмыс сапарымен ШҚО-ға келіп, өңірдегі әлеуметтік мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізіп, 1 шілдеден бастап ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енгеннен кейін іске асырылатын әлеуметтік-еңбек саласындағы инновациялар туралы түсіндірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сапар барысында «ALTAI тау-кен металлургиялық сервисі» ЖШС-де болып, қызметкерлермен еңбек саласы мәселелерін талқылады. Эмоция мен мінез-құлқының бұзылуы бар 3-тен 10 жасқа дейінгі балаларға арналған балабақшаның және аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған бейімделген бағдарлама бойынша жұмыс істейтін бастауыш мектептен тұратын «Ғажайыптар елі» арнайы түзету мекемесінің қызметімен танысты.

- Қазір ұлттық біліктілік жүйесін дамытуға көп көңіл бөлініп жатыр. Сенат еңбек нарығы мен кадрларды даярлау жүйесі арасындағы стандарттарды әзірлеу, жұмыс берушілер тарапынан өмір бойы алынған кәсіби біліктіліктерді бағалау және тану арқылы өзара байланысты күшейтетін «Кәсіптік біліктілік туралы» Заңды мақұлдады. Бұл жастарға еңбек нарығындағы өзгерістерге тез бейімделуге мүмкіндік береді, – деді Ақмәди Сарбасов.

Сонымен қатар вице-министр Халықты әлеуметтік қолдау шараларын белсенді тағайындауды, азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсетудің жаңа тәсілдерін, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялауды, халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдерді, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерін дамытуды көздейтін әлеуметтік кодекстің негізгі новеллалары туралы айтып берді.

- Жыл басында базалық және еңбек зейнетақыларының мөлшерін есептеу параметрлері өзгертілді. Саралау тетігін қолдану нәтижесінде ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері 21%-ға дейін өсті. Бұл зейнетақысы төмен зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау болды. Ал болашақ зейнеткерлер үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер тарапынан қосымша зейнетақы жарналары төленетін болады, - деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу