ШҚО әкімі жауапсыз құрылыс фирмалары туралы айтты

Фото: halyq-uni.kz
Өңірдің құрылыс нарығында азаматтарды алдап шарт жасасатын фирмалар болмауы керек.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев құзыретті мекемелерге жауапсыз құрылыс компанияларына назар аударуды тапсырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыстық мәслихаттың сессиясында өңір басшысы биыл 353,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетінін айтты.
«Бірақ халыққа қандай компаниялар үлескерлердің ақшасын тарта алатынын түсіндіру қажет. Шығыстың құрылыс нарығында құрылысқа рұқсаты жоқ бола тұра, азаматтарды алдап, олармен броньдау шарттарын жасасатын фирмалар болмауы керек», – деді облыс әкімі.
Оқи отырыңыз