KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Ескі және апатты үйлердің мәселесі шешіледі – ШҚО

Шартты сурет: liter.kz

18.07.2023, 15:18 197 ALTAINEWS

Шығыс Қазақстанда ескі және апатты тұрғын үй мәселесі қолға алынбақ. Аймақ басшысы осындай тапсырма берді.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің активінде маңызды әрі өзекті мәселелер талқыға түсті. Жиында жылыту маусымына дайындық, ауызсумен қамту, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау, білім беру және интернетпен қамту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Didar ақпаратқа сілтеме жасап.

Өңір басшысы құрылысты кешенді түрде жүргізу керек екеніне көңіл аударды, салынып біткен нысанның автотұрағы да, кіреберіс жолдары да, абаттандырылған алаңы да болуға тиіс.

– Сондай-ақ біз ескі және апатты тұрғын үй мәселесін шешуге тиіспіз. Қазір маған өңірде қанша үй бар, олардың нақты жағдайы қандай, оларда қанша адам тұратыны туралы толық ақпарат керек, – деді облыс әкімі.

Бұдан басқа, Ермек Көшербаев мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы халықпен пәтерлерді броньдау шарттарын жасасатын компаниялармен айналысуға тиіс екеніне тағы да назар аударды, бұл заңсыз және мұндай құрылыс ұйымдарына шара қолданып, ал халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив