KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, В
475.39 513.37 5.4

"Рухтастар" жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды

7.12.2023, 15:48 153 Оразай Жеңісұлы

«Рухтастар» жастар сыйлығына өтінім  қабылдау басталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Рухты жастарға бұл сыйлық сегіз аталым бойынша беріледі:

  1. «Ыстық қайрат» еңбек адамы;
  2. «Жылы жүрек» жыл волонтері;
  3. «Нұрлы ақыл» үздік жас ғалым;
  4. «Қайсар» жыл батыры;
  5. Жылдың әлеуметтік жобасы;
  6. «Белсенді рухтас» жыл белсендісі;
  7. «Жастар Рухы» Жастар қанатының үздік бөлімшесі;
  8. «Жастар Рухы» Жастар қанатының үздік филиалы.

Байқауға 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Ереженің толық нұсқасы «Жастар Рухы» Telegram арнасында көрсетілген. Өтінім 7-14 желтоқсан аралығында ғана қабылданатынын естеріңізге саламыз.

Қатысушы @Jastar_ruhy парақшасында көрсетілген Jastarruhy.kz ресми сайтына өтіп,  «Google forms» арқылы өтінім толтырады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив