Семейде жыл үздіктері марапатталды
Семейде жыл үздіктері марапатталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ресми деректерге сенсек, қалада 14-29 жас аралығында 85 406 тұрғын тіркелген. Бұл қала халқының 24,6%-ын құрайды. Семейде Жастар жылы аясында «Жыл таңдауы - 2019» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Сыйлықтар 10 аталым бойынша беріледі. Олар:
1. Жылдың жастар ұйымы;
2. Жас отбасы;
3. Жылдың үздік волонтері;
4. Жылдың жас спортшысы;
5. Ауылдың жас маманы;
6. Жылдың үздік студенті;
7. Жылдың жас журналисі;
8. Жылдың жас ғалымы;
9. Жылдың жас дәрігері;
10. Жылдың жас әскери қызметкері.
Аталмыш шараға шаһар басшысы Ермак Сәлімов қатысты. Жеңімпаздар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, сертификаттар табысталды.