KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
476.27 515.47 5.41

Өскеменде «Таза like» акциясы өтті

23.11.2023, 10:41 191 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында тарихи мұраны вандализмнен қорғау мақсатымен «Таза like» акциясы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Іс-шараны «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы ұйымдастырған. Акция аясында белсенділер «Желтоқсан алауы» мүсіндік композициясының айналасын тазалап, қалыпқа келтірді.

Ерекше мүсіндік композиция 1986 жылы болған «Желтоқсан оқиғасына» ескерткіш ретінде қойылған.

«Желтоқсан алауы» мүсіндік композициясын күтіп ұстау үшін алдағы уақытта да осындай акциялар өткізіледі, – деп мәлімдеді «Жастар Рухы» Жастар қанатының Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив