KZ
Өскемен
-3°
ясно Штиль
502.83 545.37 5.95

«Менің Елім – менің Туым» акциясы басталды - Өскемен

22.10.2023, 16:00 543 Ләззат Қанатқызы

Бүгін «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері еліміздің барлық өңірінде «Менің Елім – менің Туым» деп аталатын ауқымды акцияны бастады.

Республика күніне орай ұйымдастырылған акцияға шығысқазақстандықтар да ат салысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Белсенділер бүгін Стрелка ауданындағы тұрғын үйлердің біріне көк байрағымызды ілген.

- Акция еліміздің барлық өңірлерінде 21 қазаннан басталды, - деді AMANAT партиясының облыстық филиалы жанындағы "Жастар рухы" жастар қанатының төрағасы Қорлан Туғамбаева. - Бүгін біз челленджді облыс орталығында өткіздік. Бұл Республика күнін мерекелеу қарсаңында қала тұрғындарына  патриоттық көңіл күй сыйлайды деп ойлаймын.

Сондай-ақ бүгін “AMANAT” партиясы өкілдерінің  қатысуымен шағын марафон өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу