UTC+5 уақыты шығысқа қалай әсер етеді?
Қазақстандағы уақыт белдеуі ауыспақ.
Осы мәселе бойынша сарапшы мамандар Меновное кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі
Топ құрамына ҚР МТИ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікпаев, оның орынбасарлары, Департамент басшылары, сарапшылар, дәрігерлер және метрология саласындағы ғалымдар кірді.
Биотехнолог ғалым Әміре Қуаттың айтуынша, қазір ел аумағының 67% -ы UTS+6 уақыт белдеуіне кіреді.
Ғалым сарапшылардың дәлелдеріне сенімсіздікпен қарайтын адамдар өз ойларын өзгертеді деп үміттенетінін де жеткізді. Ол үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Меновный тұрғындары уақытты ауыстыруға қарсы өз пікірлерін білдіріп, тиісті дәлелді жауаптар алды.