KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Өскеменде бокс бапкері балаларды күй ырғағымен жаттықтырып жатыр

30.01.2024, 12:45 90

Өскемендік жас боксшылар Құрманғазының күйлерін тыңдай жүріп жаттығады.

 

Өскеменде балаларды бокс үйірмесінде жаттықтырып жатқан Ілияс Оразхан бүгінде 50 шәкірт тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz  cайты 24kz телеарнасына сілтеме жасап.

 

Ол қызмет ететін бокс үйірмесінің спортшылары 4 жылда 100 медаль жеңіп алған. Бұл жетістіктің құпиясының бірі жеткіншек спортшылардың Құрманғазы күйін тыңдай жүріп жаттығу жасайтынында деп біледі жаттықтырушы.

 

Бокстан спорт шебері, бапкер Ілияс Оразхан балаларды күйдің үнімен жаттықтыру арқылы патриоттық тәрбие беруді қолға алған. Оның айтуынша, ұлттық күй мақамымен соққы қою үлкен стратегия.

 

- Біз ең алдымен балалардың қызығушылығын оятып, дұрыс бағыт-бағдар бере білуіміз керек. Сонда олар қолға алған ісін жақсы меңгереді. Көңіл күйі көтеріңкі болса, бала деген шаршауды білмейді. Сол арқылы бокстың әдіс-тәсілдерін тез үйренеді, – дейді бапкер.

- Ілияс Оразханның шәкірттерінің бірі Расул Марат: "Менің ойымша, бокс – ол екінші би. Рингке шығасың, билеп шығасың, ұтасың, кетесің. Музыка менің ішімдегі мотивацияны жандандырады, жеңіске көмектеседі деп ойлаймын, – деп күйден шабыт алатынын айтты.


 

 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу