KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

ШҚО бапкерлері белгілі ресейлік маманның тәжірибесін үйреніп жатыр

Фото: prosports.kz

29.01.2024, 22:14 208 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасының мәліметі бойынша, 29 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Өскемендегі Жекпе-жек сарайында бокстан жаттықтырушылар мен оқытушыларға арналған Ресей Федерациясының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, білікті бапкер Василий Филимоновтың семинары мен шеберлік сабағы өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Облыстың аудан-қалаларынан жиналған 44 жаттықтырушы бір апта бойы семинарға қатысып, кәсіби маманның мол тәжірибесін меңгереді, жауынгерлік спорт түріндегі дағдыларын жетілдіреді.

 

Василий Филимонов - бокстан спорт шебері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген денешынықтыру қызметкері, Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогика ғылымдарының докторы және Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Сондай-ақ ол Ресей бокс федерациясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрағасы.

 

– Жаттықтырушының Шығыс Қазақстанға бұл сапары алғашқы емес. Василий Иванович Өскеменге бес жылда бір рет келеді. Ол ШҚО жаттықтырушыларымен әңгімелесіп, мамандардың теориялық және практикалық білімін арттыру мақсатында семинарлар өткізеді, - деп толықтырды облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов.

 

Белгілі академик Өскеменге жергілікті жаттықтырушы-оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін ШҚО-ға кезекті рет келіп отыр.

 

Василий Ивановичтің бокс спортын өміріне серік етіп келе жатқанына 50 жылдан астам уақыт болды.

 

Ресейлік маман теориялық білім берумен қатар кейбір тактикалық комбинациялар мен жаттығулардың ерекшеліктерін нақты іс жүзінде көрсете отырып тәжірибесін де бөліседі.

 

Бір апталық семинар соңында әрбір қатысушыға арнайы курстан өткенін куәландыратын сертификат беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив