KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Қазақстан мен Тәжікстан қандай жағдайда студенттермен алмасады

6.02.2024, 09:56 183

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2000 жылғы 13 маусымдағы хаттаманы бекіту туралы» Үкімет қаулысын дайындады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Хаттамаға сәйкес тараптар жыл сайын 100 адамға дейін білім алушылармен алмасады.

Бұл ретте қазақстандық тарап «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» – 50 адам, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» – 5 адам, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика» және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық» - 45 адам, білім беру салалары бойынша оқытуды ұсынады.

Тәжікстан тарапы техникалық мамандықтар бойынша – 50 адам, медициналық мамандықтар бойынша – 5 адам, гуманитарлық-экономикалық мамандықтар бойынша – 45 адамға білім береді.

Қабылдаушы тарап студенттерді оқу ақысынан, оқу құралдарын, ғылыми-техникалық құжаттаманы, зерттеу жабдықтарын пайдалану ақысын төлеуден босатады және оларды қамтамасыз етеді:

  • оқыту, білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • өз мемлекетінің азаматтарымен тең жағдайда жоғары оқу орнының жатақханасында тұру;
  • денсаулық сақтау саласындағы заңнама шеңберінде медициналық қызмет көрсету.

Сонымен қатар қабылдаушы тарап алмасу қатысушыларына өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес шәкіртақы төлейді.

Құжат 12 ақпанға дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

                                                                     Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив