KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

ШҚО-да жылу энергетиктері үшін жеңілдетілген несие беру бағдарламасы әзірленуде

6.02.2024, 12:16 174 Оразай Жеңісұлы

Жылу энергетикасы саласындағы қызметкерлерді ынталандыру және сұранысқа ие мамандардың кетуін азайту мақсатында ШҚО-да «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Шығыс маманы» өңірлік жеңілдікті ипотекалық бағдарламасы әзірленуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауында Отбасы банк қызметін бірінші кезекте аудандардың, моноқалалар мен ауылдардың тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етуге бағыттаудың маңыздылығын айтқан болатын.

Бұл бағдарлама бейінді мамандардың өңірге көшіп келуіне және жұмыс істейтін жастарды ұстап тұруға ықпал етеді.

Оны іске асыру мақсатында облыстық бюджетті бекіту кезінде қатысушыларға несие беру үшін бюджеттік қарызға 300 млн теңге көзделген. 

Жергілікті атқарушы орган бұл ұсынысты қолдап, өңірлік бағдарлама аясында меморандумға қол қоюға дайын екенін хабарлады.

Бағдарламаға қатысушылар үшін кредит беру шарттары:

  • қарыздың ең жоғары сомасы-20 млн теңге;

* бастапқы жарна-шарттық соманың 10%;

* қарыздың мақсаты-бастапқы және екінші нарықта тұрғын үй сатып алу;

  • қарыз мерзімі-25 жылға дейін;

* сыйақы мөлшерлемесі-5%;

* жұмыс өтілі-1 жылдан астам;

  • меншік құқығында тұрғын үйдің болмауы.

                                                                      

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив