Баспана мәселесін шешетін жаңа бағдарлама іске қосылды
фото: kapital.kz
Халық қазіргі баспана алуға арналған бағдарламалардың тиімсіз болып бара жатқанын жиі тілге тиек еткен болатын. Сондықтан да болар Отбасы банк «Табысты» атты жаңа тарифтік бағдарламаны іске қосты.
Бұл бағдарлама Отбасы банкінде бұған дейін жұмыс істеп тұрған «Баспана» депозитіне балама болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Аталған бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі 5,5% болса, жыл сайынғы 20% мемлекеттік сыйлықақыны ескере отырып жылдық тиімді мөлшерлемені 17,1%-ға жеткізбек. Жалпы сыйлықақы көлемі 200 АЕК-тен, яғни 690 мың теңгеден аспайтын сомаға есептелінген.
Ал «Табысты» тарифтік бағдарламасы бойынша жинақтау мерзімі кемінде 3 жыл. Тағы бір маңызды артықшылығы – Отбасы банк клиенттері, осы депозитпен жылдық 8,5% мөлшерлемемен (ЖТСМ 8,8%-дан бастап) тұрғын үй несиесін ала алады. Ол 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
«Табысты» депозиті бойынша ең төменгі келісімшарт сомасы 6 млн теңге.