«7-20-25» бағдарламасы жалғасады
«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру жалғасады.
Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 2023 жылы бағдарлама бойынша несие беру үшін 100 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарланып отыр.
Жеңілдетілген төмен пайызбен несие беру арқылы азаматтарды көбірек қамту мақсатында бағдарламаны іске асырудың жекелеген талаптары қайта қаралды. Атап айтқанда, әрбір қарыз алушы бағдарламаға бір рет қана қатыса алады.
Аталған бағдарлама аясында 2022 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша 852,2 млрд теңге көлемінде 64 146 жеңілдетілген төмен пайызбен қарыз берілді.