KZ
Өскемен
-32°
туман жел 1 м/с, ОБ
449.88 486.64 4.83

Қазақстанда робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат өтеді

Фото: vzlet.org

13.02.2024, 16:00 30 ALTAINEWS

ҚО Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша, 23-25 ақпан аралығында Астанада «Central Asia FIRST Championship» ресми чемпионаты өтеді. Оған әлемнің он елінен, оның ішінде Гонконг, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және тағы да басқа елдерден 3 мыңнан астам оқушы қатысады. Іріктеу чемпионаттарында квота алған 200 команда Қазақстан атынан өнер көрсетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Робототехника бойынша мұндай ауқымды Чемпионат Қазақстанда алғаш рет өтеді. Өткен жылы чемпионатқа 1200-ге жуық оқушы қатысса, биыл олардың саны 2,5 есе жоғары. Біз халықаралық чемпионаттарда тәжірибесі жоқ балаларымыз мықты елдермен бәсекелестікті сезінуі үшін халықаралық деңгейдегі мықты командаларды шақырдық, - дейді USTEM Foundation қорының негізін қалаушылардың бірі Нұрдәулет Досмағамбет.


Мектеп оқушылары үш негізгі жас санаты бойынша бақ сынайды: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас). 

Чемпионатқа роботтар ойынынан бөлек инновациялық жобалар байқауы мен төрешілер сессиясы да кіреді.

Central Asia FIRST Championship жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар, халықаралық жарыстарға қатысуға лицензиялар, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына гранттар беріледі.
 
                                                                     Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив