KZ
Өскемен
-22°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
522.42 543.89 5.28

Қазақстанда ұлу өсіріліп, оның еті өңделеді

Фото: sb.by

22.02.2024, 12:14 186

Қазақстан Орталық Азиядағы өнеркәсіптік ауқымда ұлу өсіретін алғашқы өңір болады.

Итальяндық Lumacheria Italiana компаниясы биыл Жамбыл облысында өнеркәсіптік ауқымда ұлу өсіруді бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Компания өкілдерінің айтуынша, бұл өңірдің таңдалуы қолайлы табиғи-климаттық жағдайына байланысты.

Жобаға жергілікті Meragro компаниясы да қатысады.

Итальяндық компания жобаны бірнеше кезеңге бөлуді ұсынып отыр: облыс аумағында ұлу өсіруді жолға қою, инкубатор салу, оларға арналған жем өндірісін бастау және ұлу етін өңдейтін кәсіпорын салу.

Бастапқы кезеңдегі инвестиция көлемі 2 млн еуродан асады. Компания жергілікті фермерлерді оқытуға дайын.

Еске сала кетсек, ұлудың қабығы мен шырышы-муцин косметологияда кеңінен қолданылады.

Ал ұлу еті- ерекше деликатес және әлемде үлкен сұранысқа ие.

                                                                       

Айжанат Бақытқызы

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу