Алтай Көлгінов Қазақстанның Эстониядағы елшісі болып тағайындалды
Сурет: akorda.kz
Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов ҚР Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған ресми ақпаратта.
Алтай Көлгінов бұған дейін Астана, Батыс Қазақстан облысы және Орал қалаларының әкімі болған. 2022-2023 жылдары Премьер-Министрдің орынбасары болды.
Басқа жарлықпен Нұрлан Сейтімов Қазақстанның Эстониядағы Елшісі қызметінен босатылды.
Оқи отырыңыз