Өскемендік кәсіпкер ауызашар берді
Өскемендік кәсіпкер, Дмитрий Левитанус “Халифа Алтай” атындағы облыстық мешітте ораза тұтқан жамағатқа ауызашар берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ондағы мақсат - ең әуелі он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айында сауапты іс атқару, бауырмалдық, ізгілік, татулық пен қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттерді насихаттау.
-Ауызашарды биыл екінші мәрте беріп отырмын. Біз көпұлтты мемлекет болғандықтан бір-бірімізді қолдау өте маңызды деп санаймын. Әркім қолынан келгенше жақсылық жасауға тырысады ғой. Ең бастысы шын көңілмен істелген істің қайыры болады, - деген «Рейтинг» IT компаниясының басшысы Дмитрий Левитанус бұл игі істі келер жылы да жалғастыратынын жеткізді.