Интернет қызметінің құнын жүз есе артық бағаламақ болған – ШҚО
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік сатып алу жүйесіне күнделікті мониторинг жасау нәтижесінде 702 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын үнемдеді.
Бұл жайында өңірлік коммункациялар қызметінің алаңында өткен брифингте ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Денис Шакенов мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Біздің департамент қоғам белсенділерін, сыбайлас жемқорлықпен күресетін еріктілерді тарта отырып, күн сайын мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізеді. Мысалы, осындай заңбұзушылық ШҚО білім басқармасының "Өркен" Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік білім беру орталығында анықталды. Орталық 2024 жылға интернет қызметін сатып алуға қатысты 303 млн теңгеге конкурс жариялаған. Асыра бағалау 300 млн теңгені құрады. Біз ШҚО білім басқармасына хат жолданғаннан кейін мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралды, – деді департамент басшысы.
Оқи отырыңыз
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайта құрылды1,9 миллион теңгеге бір еден сүрткіш алмақ болған мекеме анықталды – ШҚОАнтикор денсаулық сақтау саласын тексеріп жатыр - ШҚОТрактор сатып алудан 121 млн теңге үнемделді – ШҚОЖемқорлықты анықтаудан бұрын алдын алуға күш салу керек – Ермек Көшербаев