KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 3,4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Жемқорлықты анықтаудан бұрын алдын алуға күш салу керек – Ермек Көшербаев

4.03.2024, 11:59 185

Былтыр облыста 67 сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркелген. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің мәжілісінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов мәлім етті.
Оның айтуынша, анықталған заңбұзушылықтар бойынша 51 адам жауапқа тартылған. Оның ішіндегі 10 адамның жергілікті мемлекеттік органдардың қызметшісі екенін айту керек. Әсіресе, білім, мәдениет, жер қатынастары, экология мен құрылыс салаларында сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңбұзушылық жиі болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылды. Қазір мемлекеттік сатып алулар порталына мониторинг жүргізіліп жатыр. Жұмысқа еріктілер де жұмылдырылған. Бұл бағыттағы іс-шараларды жалғастыратын боламыз, - дейді Д.Шакенов.


Облыс әкімі Ермек Көшербаев жемқорлық қылмысты анықтаудан бұрын, оның алдын алу бағытындағы жұмысты күшейту керектігін атап өтті. 

– Басқарма басшылары мен аудан-қала әкімдері бұл мәселеге жіті көңіл бөлуі керек. Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада аудандарымыздың бірінде өрескел заңбұзушылық анықталған болатын. Мұндай жағдай қайталанбауға тиіс. Заңсыздықтарды анықтаудан бұрын оның алдын алуды күшейту керек, - деді аймақ басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив