1,9 миллион теңгеге бір еден сүрткіш алмақ болған мекеме анықталды – ШҚО
Шартты сурет
Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген талдау жұмыстарының нәтижесінде «Семей медицина университеті» КЕАҚ Өскемен филиалы тұрмыстық заттарды жоғары бағамен сатып алмақ болғандары анықталды.
Атап айтқанда, білім беру мекемесі 1,9 миллион теңгеге бір еден сүрткіш (швабра) және 1,2 миллион теңгеге 1 матрас жиынтығын сатып алуды жоспарлаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кету керек, еден сүрткіштің орташа нарықтық құны – 25 мың теңге, бір матрас жиынтығының бағасы – 30 мыңнан 130 мың теңгеге дейін.
Сондай-ақ, департамент ұсынымдары бойынша, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сатып алуды қайта қарап, нәтижесінде 2022 жылы 425 млн теңгеге бюджет үнемделген, ал осы жылдың басынан бері 205 млн теңге үнемделді.