KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

«Отау» тұрғын үй бағдарламасына 25 мың адам өтінім берді

Фото: nege.kz

3.05.2024, 11:10 127 Айжанат Бақытқызы

«Отау» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 1 наурыз-30 сәуір аралығындағы өтінім қабылдау мерзімі аяқталып, 25 038 мың өтінім қабылданған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Отбасы банкі» баспасөз қызметінің мәліметінше,

өтінім бергендердің басым бөлігі – 35 жасқа дейінгі жастар:

  • 16 747 адам (67%) – 35 жасқа дейінгі азаматтар;
  • 8291 адам (33%) – 35 жастан асқандар. 

Енді 15 мамырға дейін өтінімдер сараланып, оларға ұпайлар беріледі.

Қатысушыларды іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі:

  • Салым бойынша сыйақы мөлшерінің көлемі – әрбір 1 000 теңге үшін 5 балл;
  • Депозит мерзімі – әрбір жыл үшін 5 балл (клиент бағдарламаға бірнеше депозитпен қатысқан жағдайда, жинақтау мерзімі ұзағырақ депозит ескеріледі);
  • Тіркелген некенің болуы – некеде тұру жылдарына қарамастан 10 балл;
  • Балалардың болуы (18 жасқа дейінгі) – балалардың санына қарамастан 50 балл.

Іріктеуден өткен клиенттердің тізімі «Отбасы банкінің» сайтында жарияланады.

Несиенің ең жоғары сомасы Алматы мен Астанада 30 миллион теңгені, басқа аймақтарда 18 миллион теңгені құрайды. Алматы, Астана, Шымкент және облыс орталықтарында тек жаңа үйді, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша сатып алуға болады. Қалған елді мекендердің барлығында кез келген баспана түрін сатып алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив