Президент бірқатар азаматтарға әскери және арнаулы атақ, сыныптық шен берді
Фото: akorda.kz
Президент бірқатар азаматтарға әскери және арнаулы атақ, сыныптық шен берді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және алда келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, осы екі мейрам жауынгерлік дәстүрдің сабақтастығын паш ететінін, батыр бабаларымыздың даңқты жолын қазір өскелең ұрпақ жалғастырып келе жатқанын атап өтті.
1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені: Асылов Берік Ноғайұлы;
генерал-лейтенант әскери атағы: Әбубәкіров Қаныш Асанханұлы;
авиация генерал-лейтенанты әскери атағы: Қосанов Дәурен Жұматайұлы;
2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені: Тәшімбаев Тимур Ғазизбекұлы;
генерал-майор әскери атағы:
- Дәуітов Қайрат Сапарбекұлы,
- Есжанов Аян Әбдіғаниұлы,
- Жүнісов Төлеужан Сабырұлы,
- Ибатулин Бауыржан Шарифоллаұлы,
- Қазкеев Бекайдар Маратұлы,
- Поливанов Павел Константинович,
- Ыбыраев Ержан Уақасұлы;
авиация генерал-майоры әскери атағы: Нілдібаев Ержан Болатұлы;
ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:
- Бекжанов Нұржан Наурызұлы,
- Жұмабаев Марат Қабиденұлы,
- Наймантаев Алмас Тілепбергенұлы;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры арнаулы атағы:
- Ахметжанов Саян Қылышұлы,
- Жебегенов Мақсат Мырзаханұлы,
- Сарқұлов Ұлан Серікұлы;
экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы:
- Асанбаев Еркебұлан Төлегенұлы,
- Әлиев Данияр Дұппайұлы,
- Исмагулов Нұржан Нығметұлы;
полиция генерал-майоры арнаулы атағы:
- Қабдұлдинов Айдын Тоқтарұлы,
- Оразбаев Нұрхат Кенжебайұлы,
- Рысбаев Айдос Какашаұлы;
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:
- Әбілов Берік Рақатұлы,
- Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлы,
- Өтегенов Ерлан Рахымжанұлы.