KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

Францияда алау эстафетасы басталды

фото: aikyn.kz

10.05.2024, 09:22 43 Айжанат Бақытқызы

Францияда Олимпиада алауының эстафетасы басталды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Euronews дерегінше, эстафета елдің оңтүстігіндегі Марсель қаласына «Белем» желкенді қайығымен Грекиядан жеткізілген. Франция аумағында алауды франциялық суда жүзуші, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Флоран Маноду қабылдап алды. Бұл салтанатты рәсімді 50 мыңға жуық адам тамашалады.

Еске салайық, 2024 жылғы Олимпиада ойындары Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 50 лицензиясы бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив