KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

2024 жылғы Олимпиада ойындарының логотипі таныстырылды

22.10.2019, 05:54 230

Парижде өтетін 2024 жылғы жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жаңа логотипі таныстырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жаңа дизайн спортпен және Франциямен байланысты үш белгіні біріктіреді.

– Медаль, от, Марианна. Париждегі Олимпиада мен Паралимпиада ойындарының жаңа логотипі, – деп жазылған Ұйымдастыру комитетінің Twitter-дегі парақшасында.

Ал Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайтындағы ақпараттарға сүйенсек, логотиптегі медаль спорттың негізгі құндылығын білдіреді. Алау – ерекше естеліктерді еске алу, адамдарды армандауға шақырады. Ал Марианна ежелден француз халықның ұлттық бейнесіне айналған әйел тұлғасына көрсетілген құрмет.

Еске салайық, Олимпиада 2024 26 шілде және 11 тамыз аралығында, Паралимпиада 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді. Логотипті көру үшін, сілтемеге өтіңіз.  

https://twitter.com/i/status/1186347647403249664

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив