KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, В
488.26 530.54 5.03

Тұңғыш әскери ұшқышты «Халық қаһарманы» атағына ұсынады – Күршім ауданы

14.05.2024, 16:58 182 Қызырбек Дүргінбайұлы

Қазақтан шыққан тұңғыш әскери ұшқыш Жақыпбек Малдыбаев «Халық қаһарманы» атағына ұсынылады. Бұл туралы Күршім ауданы әкімінің ақсақалдармен және қоғамдық ұйым жетекшілерімен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Ер есімін ұмытпау, ерлігін ұрпаққа ұлықтау біздің парызымыз. Тарихта отан үшін отқа түсіп, ел үшін мерт болған батырлар аз болған жоқ. Қазақтың тұңғыш әскери ұшқышы Жақыпбек Малдыбаев жоғары атақ пен құрметке әбден лайық. Біз өткеніміздің қадіріне жетпей, болашақты бағамдай алмаймыз. Сондықтан жерлесіміз Жақыпбек Малдыбаевты «Халық қаһарманы» атағына ұсынуды жөн көріп отырмыз, - дейді Күршім ауданының Құрметті азаматы Бақытхан Өлмесеков.

Жақыпбек Малдыбаев 1907 жылы Шеңгелді ауылында дүниеге келген. 1929 жылы өз еркімен қызыл әскер қатарына қосылып, взвод командирінің көмекшісі болған.

Ал 1932 жылы Біріккен Орта Азия әскери мектебінің кавалерия бөлімшесінде оқиды. Ол 1933 жылы ұшқыштар және ұшқыш бақылаушылар даярлайтын мектепте оқып, осыдан соң әскери әуе күштері жанындағы арнайы әскери қызмет курсын бітіреді. Испан соғысына қатысып, 1938 жылы мерт болған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив