KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями Штиль
459.75 494.14 5.54

«Соңғы үкім»: Ұлт ұстазы туралы жаңа туынды жарыққа шығады

фото: kino.kz

17.05.2024, 12:09 150 Ынтымақ Толқын

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов туралы жаңа туынды жарыққа шығады. «Соңғы үкім» деп аталатын толықметражды көркем фильм 23 мамырдан бастап кинотеатрларда көрсетіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл фильм Европаның айтулы университеттерін тәмамдаған білімпаз қазақ зиялыларының  алғашқы толқыны ұстаз деп мойындаған әзіз тұлға, ана тілінің  қыр-сырын танып, озық жұрттың қатарына іліну жолындағы құралы етуге бар білігі мен қайратын жұмсаған  ғажайып ғалым туралы.

Фильм Алматы, Семей қалаларында және Абай, Жетісу өңірлерінде түсірілген. Ұлт ұстазы туралы кинотуындыны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Folklore media студиясы түсірді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив