«Қазақфильм» биыл көрерменге жаңа 9 фильм ұсынады

gov.kz
Киностудиясы жаңа киноөндіріс маусымын ашты.
Қазақ киносының негізін қалаған, аты аңызға айналған Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай киногерлер арасында мерекелік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Кино жұлдыздары, режиссерлер, продюсерлер және БАҚ өкілдері бір алаңға жиналды.
Жиында «Қазақфильм» киностудиясы заманауи қазақ киносының сан қырлылығын көрсететін, бірегей ой мен идея көтеретін тоғыз жаңа киножобасын ұсынды. Бұл жобалар Қазақстанның әлемдік кинокартадағы орнын нығайтып қана қоймай, еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына маңызды үлес қоспақ.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілетін жаңа маусымдағы фильмдер:
«Шырмауык» толықметражды көркем фильм, қоюшы режиссер - А. Шарғынов.
«Капитан Байтасов» толықметражды көркем фильм, қоюшы режиссер - Д. Қамшыбаев.
«Соңғы парыз» деректі фильмі, режиссерлер - А. Махмутов, А. Нарымбетов.
«Здравствуй, добрый человек» деректі фильмі, қоюшы режиссер - Т. Итенов.
Мемлекеттің қолдауынсыз түсірілетін фильмдер:
«Мама» толықметражды көркем фильм.
«Сказ о розовом зайце - 2» толықметражды көркем фильм.
«Зейін» толықметражды көркем фильм.
«Жабайы» толықметражды көркем фильм.
«Болмаған балалық шақ» толықметражды фильм.