Учаскелік дәрігерлер ауруларды ерте анықтағаны үшін көтермеленеді
Фото: depositphotos.com
Учаскелік қызмет дәрігерлерінің жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында ынталандырушы төлемдерді есептеудің жаңа жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, егер бұған дейін мамандарды ынталандыру көрсеткіштерді орындамағаны үшін алып тастау жүйесі бойынша көбірек жүргізілсе, енді жаңа жүйе ауруларды ерте кезеңде анықтағаны үшін көтермелеуге бағытталған.
«Бұл асқынулардың алдын алуға және пациенттерді негізсіз ауруханаға жатқызбауға ынталандырады. Ынталандырушы үстемақыны есептеу адами фактордың қатысуынсыз, автоматты түрде жүзеге асырылады»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз