KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Биыл Зайсанда тағы бір мектеп пайдалануға беріледі

фото: depositphotos.com

21.05.2024, 16:17 165 Нұржан Кенжеұлы

Ағымдағы жылдың төрт айында Зайсан ауданында 6 миллиард 174 миллион теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылған. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 11,1 есеге артық.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Нұрғайни Қабидолдина осылай деді.

– Ауданымызда құрылыс базасы жақсы дамыған. Жыл басынан бері 1 875 шаршы метр тұрғын үй салынды. Биыл ауданымыздағы ауылдарға 58 тұрғын үй салынатын болады, – деп мәлім етті Н.Қабидолдина.

Брифингте биыл Зайсан қаласында салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылысы аяқталып, білім ордасы пайдалануға берілетіні белгілі болды. Аудан әкімі орынбасараның айтуынша, алдағы уақытта өңірде тағы бірқатар жоба жүзеге асырылмақ. Мәселен, Жарсу мектебінің жанынан спорт залы салынса, Айнабұлақ ауылында спорт модулі бой көтеретін болады. Бұған қоса, Қаратал ауылында 50 келушіге шақталған дәрігерлік амбулаторияның, Жаңатұрмыс пен Саржыра ауылдарында жаңа типтегі медпункттердің, ал Жарсуда фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы басталуға тиіс.

– Сарытерек ауылының мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілмек. Бірнеше ауылда балалардың ойын алаңқайлары мен спорт алаңдары салынады. Сондай-ақ, Зайсан қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауымен заманауи футбол, баскетбол және волейбол алаңдары мен воркаут аймағының құрылысы жүргізілуде. Үш ауылдағы интернеттің жылдамдығын күшейту мақсатында антенна-діңгек құрылғылары орнатылып, тағы үш елдімекеннің ауыз сумен қамту жүйесі жөнделетін болады, – деп хабарлайды аудан әкімінің орынбасары.

Белгілі болғандай, биылғы «Жол жылы» аясында «Зайсан – Жаңатұрмыс» бағытындағы 12 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселмек. Сонымен қатар Зайсан қаласының жеті көшесі мен ауылдардағы 20-ға жуық көше жолдарын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынады деп жоспарлануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив