Көкпектіде көпбалалы аналарға баспана беріледі
Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында көпбалалы аналарға баспана беріледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Көкпекті ауданында 3500 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы аудан басшысы баспасөз конференциясы барысында айтты.
– Биыл құрылыс жұмыстарының көлемі 8 228 миллон теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 247,4 пайызға жоғары. Жалпы 3500 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Айталық аудан орталығында 50, Самар ауылында 10 шақты тұрғын үй салыны бітті деуге болады. Үйлер желтоқсан айында халық игілігіне беріле бастайды. Әлбетте бірінші кезекте пәтер кілттері көпбалалы аналардың қолына тиеді. Мәселен Көкпектіде 36 көпбалалы отбасы бар. Осыдан кейін ғана пәтерлер тиісті кезек бойынша беріледі, – деді аудан әкімі Серікққазы Құсайынұлы.