KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, З
502.89 527.03 5.71

Тасқыннан кейін қоймаларға қанша су жиналды?

фото: depositphotos.com

28.05.2024, 11:26 193 Ынтымақ Толқын

Республика бойынша көктемгі су тасқыны кезінде су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам су жиналған. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, жиналған су экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

«Еліміздің су шаруашылығы құрылыстары суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті. Қар суын соңғы жылдары құрғауға айналған сағаларға, көлдерге және басқа да су айдындарына жіберуге мүмкіндік туды,»  – деді Н.Нұржігітов.

Сондай-ақ министр су саласын дамыту тұжырымдамасы озық елдердің тәжірибелеріне негізделіп, толықтырылатынын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу