Кендірлік өзенінде су қоймасы салынады – министр

шартты сурет: depositphotos.com
Еліміздің Су ресурстары және ирригация министрлігі Зайсан ауданындағы Кендірлік өзенінде су қоймасын салуды жоспарлап отыр.
Жаңа су қоймасы 60 миллион текше метр су жинай алады. Бұл аймақтағы 20 мың гектар егістікті суармалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді6 деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Министрліктің Су шаруашылығы комитеті аталған жоба бойынша инвестициялық ұсыныс әзірлеп, Ұлттық экономика министрлігіне келісуге жіберді. Оң экономикалық қорытынды алғаннан кейін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалады.
Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік 2030 жылға дейін су шаруашылығы құрылыстарын реконструкциялаудың кешенді жоспарын әзірледі. Жоспарда жаңадан 57 су қоймасын салу қарастырылған. Оның 20-сы бойынша жұмыстарды су ресурстарын басқаруды дамыту тұжырымдамасы аясында атқару көзделуде.