KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Қазақстанда ауқымды су тасқынынан кейін 57 жаңа су қоймасы салынады

15.04.2024, 17:43 118 Айжанат Бақытқызы

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын қайта қарайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 

Бейінді министрліктің ақпараты бойынша, су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы су тасқынының алдын алу және одан келетін шығынды азайту жөніндегі кешенді іс-шаралармен толықтырылады.

 

Оны әзірлеу барысында Қытай, Нидерланды және тағы да басқа осы саладағы озық елдердің тәжірибелері зерделенбек.

«Тұжырымдамада көзделген 20 жаңа су қоймасын салу жөніндегі жоспар мен басқа да кешенді іс-шаралар өзгермейтінін атап өтемін. Құжаттың мүмкіндігін кеңейту және оған су тасқынының алдын алу іс-шараларын қосу үшін толықтыру қажет. Сонымен қатар, біздің министрлік әр өңірдің әкімдіктерімен 57 жаңа су қоймасын салуды көздейтін кешенді жоспар әзірледі», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив