KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
487.42 531.39 5.04

Өскеменге «Халық заңгері» қашан келеді?

фото: depositphotos.com

28.05.2024, 14:03 137 Ынтымақ Толқын

«Халық заңгері» акциясы облыс орталығында екі жерде қатар өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Республикалық акцияның мақсаты – тұрғындарға тегін заң көмегін көрсету, халықтың заңгерлік сауаттылығын арттыру. Қатысушылар сот, құқық қорғау, қадағалау органдарының қызметкерлерінен, адвокаттар мен сот орындаушыларынан, нотариус, әкімдік өкілдері мен бейінді бөлім мамандарынан кеңес алады.

«Халық заңгері» С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде (Қазақстан көшесі, 55) және «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мекемесінде (Шәкәрім даңғылы, 149/10) кеңес береді.  

Акция барлық қалалар мен аудандардың орталығында өтетінін айта кетейік. 2016-2023 жылдар аралығында бұл акцияға 8000-нан астам үздік сарапшылар мен шешім қабылдайтын мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, құқықтық көмекке жүгінген 165 мыңнан астам адам кеңес алды.

«Халық заңгері» акциясы ел көлемінде 30 мамыр күні сағат 17.00 мен 19.00 аралығында өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив