«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясына қатысыңыздар!
Altaynews
ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматтарды «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясына шақырады
Акция 26 мамыр күні сағат 17.00-де Өскемен қаласындағы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде (Қазақстан көшесі, 55 мекенжайы бойынша) өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Бүгінде «Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналған және қарапайым қазақстандықтардың алғысына бөленген. Айталық, 2016-2022 жылдар аралығында акцияға 7 мыңнан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 150 мыңнан астам азамат консультация алған.