KZ
Өскемен
+8°
небольшой дождь жел 5,8 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Алтай технологиялық колледжіне құжат қабылдау басталды

28.05.2024, 12:16 109 Айжанат Бақытқызы

Алтай қаласының технологиялық колледжінде алдағы оқу жылына жеті мамандық бойынша құжат қабылдау басталды. Олар - технолог, іс жүргізуші, техник-электрик, техник-механик, бухгалтер-экономист, электр газбен дәнекерлеуші, ағаш және жиһаз өндірісінің шебері, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Есеп және аудит - бұл колледж базасында қайта ашылатын мамандық, қазір лицензия аламыз. Бұл сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Оқу барысында құжаттармен жұмыс істеуді, есеп беруді, кәсіпорын қызметін талдауды, салықтарды есептеуді, шығындарды жоспарлауды және кірістерді бөлуді үйретеміз. Студенттердің теориялық білімдері міндетті түрде оқу және өндірістік тәжірибеде бекітіледі. Бухгалтер мамандығын алғаннан кейін жас мамандар жеке және мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істей алады»,-деді колледж директоры Толкын Маутиева.

Басшының айтуынша, оқудың алғашқы жылында студенттер жалпы білім беретін пәндерді өтіп, біртіндеп мамандықтың негіздерін үйренеді. Келесі жылдар толығымен кәсіптік даярлыққа, тәжірибеге арналып, арнайы пәндерді оқиды.

Аталған колледж мамандарды даярлау және оларды жұмысқа орналастыру бойынша жетекші орында.

Барлық мамандықтар бойынша кәсіптік даярлау бюджеттік негізде жүзеге асырылады, яғни тегін.

Одан бөлек студенттер шәкіртақымен, ыстық тамақпен қамтылады және  жол ақысына өтемақы төленеді.

Құжаттарды қабылдау емтихансыз, аттестаттың орташа балы бойынша конкурстық негізде жүргізіледі.

Мекенжайы: ШҚО, Алтай қаласы, Курчатов көшесі, 10/1, телефон +7 (72335) 7-10-01.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив