KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

«eQonaq» жүйесі туристерге қалай көмектеседі?

Фото: ortcom.kz

3.06.2024, 11:37 121 Айжанат Бақытқызы

Қазақстанда туристерді есепке алу, туристік ағымды талдау және көші-қонды бақылауды жақсарту үшін «eQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесі әзірленді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жүйені әзірлеу мен енгізуді Мәдениет және спорт министрлігі ІІМ және ҰҚК-нің көмегімен 2019-2025 жылдарға арналған Туризмді дамыту жөніндегі бағдарлама шеңберінде жүзеге асырады.

Жүйенің негізгі міндеттері:

  • туристік климатты жақсарту;
  • орналастыру орындарының тізілімін құру;
  • туристерді тіркеуді автоматтандыру;
  • көші-қонды бақылауды жақсарту;
  • BedTax туристік топтар үшін инфрақұрылым құру;
  • туристік қызметтердің сапасын арттыру қызметтері.

Аталған жүйе ел ішіндегі туристік ағындарды талдауға көмектеседі. Сондай-ақ, туристер қандай қонақүйлерді және қай аймақты таңдайтынын түсінуге болады.

Айта кетсек, туристік қызметтердің сапасы мен отандық қонақ үйлердің тартымдылығын арттыруға ықпал ететін мұндай цифрлық платформалар мен қосымшалар бүкіл әлемде жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив