KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Өскемендіктер ерекше көрмені тамашалады

5.06.2024, 14:44 193

Өскемендегі Шығыс Қазақстан Өнер музейінде «Әлем суретшінің көзімен» атты шемонаихалық суретшілердің ұжымдық көрмесі ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Көрмеде Вадим Салманханов өзінің монохромды, философиялық және авангардтық графикасын көпшілік назарына ұсынса, Юрий Шушаков керісінше жарқын, шынайы пейзаждарына басымдық беріпті. Екеуінің алпыстан астам туындысы музейдің кең залына үйлесімді қойылған екен.

– Аэрографиялық кескіндемемен сурет салғаныма 20 жыл болды. Бұл өнер түрі аса ұқыптылықты қажет етеді. Бір қателік жіберсеңіз болды, бүкіл сурет бүлінеді. Мен әр туындымды ерекше құлшыныспен салдым, - дейді Вадим Салмаханов.

Бұған дейін Вадимнің жеке көрмесі Шемонаиханың өзіне және Өскеменде өткен, оған қоса Ресейдің Новосібір қаласында да ұйымдастырылған. Қылқалам шеберінің қолынан шыққан суреттер - заманауи өнер туындысының айқын бейнесі.

Сондай-ақ Юрий Шушаков та әр жылдары жеке көрмесін өткізіп келеді. Шемонаиха тарихи-өлкетану музейінде оның алты жеке көрмесі ұйымдастырылған.

– Вадим екеуіміздің бағытымыз екі түрлі. Менің сүйікті жанрым - пейзаж. Табиғат - ол біз. Адам мен табиғат арасында тылсым байланыс бар. Суреттерім арқылы дәл сол байланысты көрсеткім келеді, - дейді Юрий Шушаков.

Көрменің ашылуына Өнер музейінің директоры Ерназ Қалижанов, Шемонаиха тарихи-өлкетану музейінің директоры Наталья Дубинчик және басқа да сурет өнерінің өкілдері, оқушылар мен студенттер қатысты.

«Әлем суретшінің көзімен» көрмесі 4 маусымнан 14 шілдеге дейін жалғасатын болады.

Шұғыла Манафья,

студент

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив