ШҚО құтқарушылары Өскемен жағажайларының дайындығын тексерді
Шомылу маусымы қарсаңында ШҚО Төтеше жағдайлар департаменті мен Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары жағажайлардың дайындығын тексерді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Осы жылы 6 коммуналдық жағажай жұмыс істейді: 2 - Алтай ауданында, 2 – Өскеменде, 1-Ұлан ауданында және 1-Риддерде.
ТЖД ақпараты бойынша, қазір жағажайларда аумақты тазарту, су қоймаларының түбін зерттеу, құтқарушыларды кезекшілікке үйрету, медицина қызметкеріне арналған бекеттерді жасақтау және құтқару құралдарын сатып алу сияқты дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Жазғы кезеңде Бұқтырма су қоймасында құтқарушылардың мобильді бекеттері жұмыс істейтін болады.
Жалпы облыста шомылу үшін барлығы 22 учаске анықталды, 74-не тыйым салынды.