Құрбан айтта демалыс берілмейді
сурет редакция архивінен
Құрбан айтта қосымша демалыс берілмейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы айттың алғашқы күнін 17 маусымнан 16 маусымға жылжытады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Осыған дейін ҚМДБ діни мерекелер кестесінде Құрбан айт 17 маусым болып бекітілген. Ол апта басы дүйсенбіге түсетін. Алайда мерекеге 10 күн қалғанда, күнтізбе уақыты өзгеріп, айттың алғашқы күні 16 маусым – жексенбі күні деп бекітілді.
Еңбек кодексінің 84-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып жариялаған. Алайда егер діни мерекелер сенбі-жексенбі күндеріне сәйкес келсе, қосымша демалыс күні берілмейді. Яғни 2024 жылы Құрбан айттың алғашқы күні 16 маусым – жексенбіге түскендіктен, демалыс күні ауыстырылмайды.