KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
530.12 546.08 5.17

Қазақстандықтардың Құрбан айтта неге демалмайтыны белгілі болды

8.08.2019, 10:41 180

Құрбан айтқа байланысты демалыс берілмейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері 11 тамыз Құрбан айт мерекесінің неліктен басқа күнге ауыстырылмағанын түсіндірді.

Негізінде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заң бойынша, қазақстандықтар мереке күндері демалуы тиіс. Ал мереке демалыс күніне тап келіп қалса, келесі күнге ауыстырылады.

– Еңбек кодексінің 84-бабы бойынша («Демалыс күндері») Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып саналады. Алайда Құрбан айт ұлттық және мемлекеттiк мерекелердің тізіміне кірмейді, сондықтан жоғарыда көрсетілген нормалардың оған қатысы жоқ. Яғни Құрбан демалыс күніне яғни жексенбіге түссе, мереке келесі күнге ауыстырылмайды, – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу