KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Үлескерлік құрылыс арқылы үй алу заңды ма?

7.06.2024, 17:25 70

7 ақпан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында үлестік құрылыс пен заңсыз нүктелік құрылысқа қатысты өзекті мәселелерді атап өткен болатын. Сондай-ақ құрылыс сапасын бақылауды арттыру қажеттігі туралы тапсырма берді.

Қазіргі уақытта облыс орталығында 57 көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 12, коммерциялық қаражат есебінен 45 тұрғын үй бой көтеруде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгінде салынып жатқан 4 тұрғын үй кешенінің құжаттары толық емес екені анықталып, 3-еуі тоқтатылды («Astoria» ТК, «Asyl Tau» ТК, «Шаңырақ» ТК) тоқтатылды. Ал, «Krilova» тұрғын үй кешенінде қазіргі уақытта сот талқылаулары жүргізіліп жатқанына байланысты құрылыс уақытша тоқтаған.

Қазіргі уақытта үлескерлік құрлысқа байланысты тұрақты мониторинг жүргізіледі. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, 8 ұйым 8 ұйым "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 320-бабы бойынша, "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында "Grand Residence", "Ray residence", "Tumar Towers Oskemen", "AB-Residence" тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді сату туралы ақпаратты жарнамалайтыны анықталды, алайда осы тұрғын үй кешендеріне үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат берілмеген.

- Сатып алу кезінде салынып жатқан үйлерде үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат берілгені-берілмегенін kz порталынан тексеруге болады. Пәтері сатып алу кезінде жарнамалық деректермен шектелмей, ресми құжаттарды (мемлекеттік сараптаманың қорытындысы, келісілген эскиздік жоба, жобалық құжаттама) басшылыққа алуды ұсынамыз, - дейді ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу